+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Қостанайда энергия үнемдейтін «Кировец» тракторы шығарылады

2019 жылғы 29 қаңтар 20:05
Бөлісіңіз:
Қостанайда энергия үнемдейтін «Кировец» тракторы шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин «Петербург трактор зауыты» АҚ директоры Сергей Серебряковпен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласындағы ынтымақтастық перспективалары, Қостанай қаласында «АгромашХолдинг KZ» АҚ алаңында ресейлік «Кировец» тракторларының өндірісін орналастыру мәселелері, сондай-ақ, жерсіндіру мен компоненттер өндірісін орналастыруды тереңдету келешегі талқыланды.

Зауыттың бас директоры Сергей Серебряков «АгромашХолдинг KZ» АҚ-да тек тракторлар өндірісін ұйымдастыруда ғана емес, сонымен қатар кардан білігі және дөңгелек дискілері секілді компоненттер өндірісін ұйымдастыруда да ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты.

«Петербург трактор зауыты» АҚ «АгромашХолдинг KZ» АҚ қауыттылықтарында энергия үнемдеуші тракторлар шығаруға ниетті», - деді Сергей Серебряков.

Жақында «Петербург трактор зауыты» АҚ басшысы Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасының жетекші өндірушісі «АгромашХолдинг КZ» АҚ, «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС ұлттық автошығарушысы, сондай-ақ Қостанайдағы Индустриялық аймақтың өндіріс алаңдарының әлеуетімен танысты.

Қазақстанда «ПТЗ» АҚ өнімдері көпшілікке танымал. Мәселен, 2014 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанда 500-ге жуық «Кировец» сатылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, жыл сайынғы сұраныс шамамен 1600 бірлік тракторды құрайды.

Айта кетерлігі, Петербург трактор зауыты 1801 жылы негізі қаланған Ресейдің бұрыннан келе жатқан машина жасау кәсіпорындарының бірі - «Киров зауытының» еншілес кәсіпорны. 2014 жылы К-744Р сериясының «Кировец» ауыр ауыл шаруашылығы тракторларының жаңартылған түрі шығарылды. Бүгінде зауыт қуаттылығы 300-тен 450 л.с. дейін К-744Р сериялы «Кировец» ауыл шаруашылығы тракторларының 8 түрін, «Кировец» өндірістік тракторлары негізінде жасалған жол-құрылыс және арнайы машиналардың 17 түрін шығарады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT