Қостанайда экологиялық отын жағылатын қазандық іске қосылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайда қатты отын және көгілдір отын жағылатын қазандықтардан тыс, биылғы қыс маусымына орай сабан және ағаш жоңқалары жағылатын қазандықтар іске қосылады. Бұл туралы Alau.kz хабарлайды.

Экологиялық отын жағатын қазандық Амангелді кентінде сынақтан өткізілмек. Ол қазір жалпы жылумен қамту жүйесіне қосылған. Қазандыққа қажетті отын көмір немесе газға қарағанда айтарлықтай арзан әрі экологиялық жағынан таза. Бір рет толтырылған қазандық тәулік бойы жылу береді.

«Өнімділігі 0,6-1 гигакалорияның айналасында, яғни 50 пәтерлі бес қабатты үйді жылытуға жеткілікті», - дейді Қостанай жылу-энергетика компаниясының бас инженері Николая Беляк.

Дегенмен, газбен жұмыс істейтін тағы бір қазандық та дайын тұр. Қажет болғанда оны да қосуға болады.

Биыл Қостанайда қазандықтар мен жылумен қамту жүйесін жөндеуге 3 миллиард теңге мөлшерінде қаражат бөлінген. Қала билігінің мәлімдеуінше, қазан айына дейін-ақ дайындық жұмыстары аяқталуы тиіс.

«Биыл инвестициялық бағдарлама бойынша үшінші су жылытатын қазанға күш салынып жатыр, оған 21 миллион теңге бөлінген. Екінші турбинаны жөндеу міндеті де тұр. Оны 10 тамыздан 25 қыркүйекке дейінгі аралықта орындаймыз», - дейді Қостанай ЖЭО бас инженері Константин Нагорный.

Коммуналдық қызметкерлердің айтуынша, дайындық жұмыстарын ертерек бастауға Еуропа қайта құру және даму банкінің қаржыландыруды кешіктіруі себеп болған. Дегенмен, жылумен қамтушылар қысқа дайындықты аяқтаудың мерзімі мен сапасына бұл әсер етпейтінін айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар