Қостанайда екінші мұз сарайы неге салынды – Архимед Мұхамбетов жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыс орталығына екінші мұз сарайының не үшін салынғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайда 4,5 млрд теңгеге мұз сарайы салынатынын, одан бөлек жақында жөндеуден өткен тағы бір мұз сарайы барын айтты.

«Облыста ауылдарды сумен қамту мәселесі күйіп тұр, су тазарту құрылғылары апатты жағдайда, мектептерде орын жоқ, моноқалалар мәселесі бар. Архимед Бекжанұлы, бұл қалай?», - деп сұрады Президент өңір басшысынан.

Қостанай әкімі қолданыстағы мұз сарайының тозып кеткенін айтты.

«Ондағы жабдықтар 100% ескірген, желдету, электр жүйесі - 90% тозған, Шатырына зақым келген. Барлық құжаттар мен тексеру актісі бар. Сондықтан, қалалық қоғамдық кеңес ескі мұз сарайын жекпе-жек сарайына айналдыруды ұйғарды», - деді Архимед Мұхамбетов.

Әкімнің айтуынша, жаңа мұз сарайы тиімді жағдайда салынады және оны күтіп-баптауға қаражат керек емес.

«Шетелдіктер өздері қызмет көрсетеді», - деп түйіндеді әкім.

Соңғы жаңалықтар