+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Қостанайда екі жігіт вакцина паспортын жасаймын деп алдап, елдің ақшасын алып отырған

2021 жылғы 2 тамыз 18:38
Бөлісіңіз:
Қостанайда екі жігіт вакцина паспортын жасаймын деп алдап, елдің ақшасын алып отырған

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда вакцинация паспортын «сатқан» екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Астанада 3 ай бойы вакцина паспортын қолдан жасап сатқан топ ұсталды Петропавл тұрғындары шекарадан кедергісіз өткізу үшін ПТР тестін қолдан жасап, сатып келген

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қостанай қаласының 27 жастағы екі тұрғынын анықтады.

Олар өз пайдасы үшін COVID-19 вакцинация паспортын сатумен айналысқан.

Өздерінің айтуынша, шілде айында Telegram әлеуметтік желісінде арнайы аккаунт ашқан.

Содан кейін клиенттерді іздеу үшін олар барлық әлеуметтік топтарға вакцинация паспортын істей алатыны туралы жарнама тарата бастаған.

«Тілек білдірушілер» алдын ала төлемді бөтен адамға рәсімделген екінші деңгейдегі банк карталарына аударған.

Ақшалай қаражат – 300 мың теңгеден астам ақша ерлердің жеке қажетіне жұмсалды.

Бірақ олардың айтуынша, құжаттарды ешкім алмаған, олар клиенттерді бұғаттап отырған.

Сонымен қатар қазіргі уақытта жедел уәкілдер вакцинация паспортын заңсыз жолмен алғысы келген адамдарды анықтау бойынша тергеу әрекеттерін жүргізуде.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігімен тіркелген сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері азаматтарға заңға қайшы келетін әрекеттер үшін заңмен қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT