Қостанайда екі жатақхана бой көтермек

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда студенттер үшін 500 орындық екі жатақхана салынады. Бұл турадлы облыстық білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыста техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ішінде 38 колледж бар. Олардың 31-і - мемлекеттік, қалғаны - жеке меншік білім мекемелері. Колледждерде барлығы 22 мың студент білім алады. Василий Цымбалюк айтқандай, осы жылы APEC PetroTechnic қағидасы бойынша екі құзыреттілік орталығын құру бойынша жұмыс жалғасуда. Өткен жылы осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 233,8 млн теңге бөлініп, әлеуметтік серіктестердің 31 млн теңгесі тартылды.

«2019 жылы облыстық бюджеттен 3 колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 80,5 млн теңге бөлінді. Атап айтқанда, Лисаков техникалық колледжі, Рудный құрылыс және көлік колледжі, Рудный тау-кен технологиялық колледжі толық жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының үшінші бастамасын жүзеге асыру аясында автомобиль көлігі мен политехникалық жоғары колледждеріне әрқайсысы 500 орындық екі жатақхана салу жоспарлануда», - деді басқарма басшысы.

Қазіргі уақытта колледж құрылысының жобалық-сметалық құжаттары сараптамаға жіберілді. Тиісінше, шілде айында білім басқармасы құрылыс жұмыстарына кіріседі.

Соңғы жаңалықтар