Қостанайда екі тұрғын үй өртенді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында екі жеке тұрғын секторынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады.

«27 ақпан күні сағат 17:00 шамасында Қостанай-2 шағын ауданында екі тұрғын үй өртенді. Шығын көлемі есептелуде. Өрт 350 шаршы метр аумақты шарпыды», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Алдын ала болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 19:03-те толығымен сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар