Қостанайда екі баланың анасы жоғалып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Әулиекөл ауданында 2 баланың анасы жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әулиекөл ауданының тұрғыны Анастасия Сальниктің айтуынша, әпкесі 29 жастағы Ольга Сальник 2 қазан күні Әулиекөл ауданындағы үйінен шығып кеткен. Ол таңертең дәріхана барып келетінін айтқан.

«Әпкемнің қайда жүргені белгісіз. Оны көрген адамдар болса, бізге хабарласуын өтінемін. Анамыз уайымдап жүр. Оны үйінде екі баласы күтіп отыр», - дейді Анастасия Сальник.

Ольга Сальниктің ұялы телефоны өшірулі. Қазіргі уақытта полицейлер іздеу шараларын жүргізуде.

Ольга Сальниктің туыстары ол туралы қандай да бір ақпарат білетіндерге 87753171042 немесе 102 телефондарына хабарласуларын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар