Қостанайда екі бала суға ағып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 17 жасар қыз бен 9 жасар ер бала суға ағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 шілде күні сағат 20:00 шамасында Жітіқара ауданындағы Жоғары Шортанды өзенінен 2001 жылы туған бойжеткеннің денесі шығарылды. Оның суға түсуге рұқсат етілмеген жерде шомылғаны анықталды.

Дәл осы күні Таран ауданы Мақсұт ауылына жақын тұста 9 жасар оқушының мәйіті табылды.

«Жергілікті тұрғындар Қарасу өзенінен 2009 жылы туған ер баланың денесін шығарды. Ол балық аулау кезінде суға кетіп қалған», - деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

Баланың денесі Лисаков қаласына медсараптама жасау үшін жіберілді.

Соңғы жаңалықтар