Қостанайда екі әйел үсіп өлді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында екі адам үсік шалып, көз жұмды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысының ТЖД мамандары аязды күндері барынша сақ болуға шақырады.

«Аса қажеттілік туындамаған жағдайда далаға шығуға, балаларды қыдыруға жібермеуге кеңес береміз. Көлік жүргізушілері алыс жолдарға шықпағандары жөн. Қазіргі таңда облыс көлемінде үсік шалуға қатысты екі оқиға тіркелді. Денисов және Әулиекөл ауданында 1990 және 1968 жылғы екі әйел көз жұмды», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, аяздың күшейіп кетуіне байланысты Қостанай облысының ТЖД үсік шалған уақытта алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндіріп, аяз кезінде адам өзін қалай сақтандыру керектігін еске салады.

Соңғы жаңалықтар