+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Қостанайда екі адамды пышақтап, біреуін өлтірген күдікті ұсталды

2020 жылғы 26 қазан 22:52
Бөлісіңіз:
Қостанайда екі адамды пышақтап, біреуін өлтірген күдікті ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласының полицейлері екі адамды пышақтап кеткен күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жітіқарада үйсіз қаңғыбастарды өлтірген жасөспірімдер сотталды Алматы облысында 34 жастағы әйелді көлікте пышақтап өлтіріп кеткен

Күдікті жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 23 қазан күні облыс орталығында қолға түсті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қылмыс 21 қазан күні сағат 23:00 шамасында Қостанай қаласындағы әл-Фараби көшесінде болған.

Күдікті аулада отырған екі адамды пышақтап кеткен. 59 жастағы Арқалық қаласының тұрғыны оқиға орнында қаза болды.

61 жастағы екінші жәбірленуші пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

«28 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны жәбірленушілермен жанжалдасып қалған. Артынша екеуін пышақпен ұрған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті ұсталды» делінген полицияның баспасөз хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT