Қостанайда екі адам із-түзсіз жоғалып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында екі егде кісі із-түссіз жоғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әулиекөл ауданының 43 жастағы тұрғыны Игорь Васильевич Ворона 2018 жылғы 24 қараша күні сағат 19:30 шамасында аудандық орталық ауруханадан шығып, үйіне оралмаған. Оның бойы - 175 см, арық денелі, шашы ақшыл түсті. Ауруханадан шыққанда үстінде ақ-көк түсті жолақты күрте, көк джинс шалбар және гельді жұқа аяқ киім болған.

82 жастағы Дарья Алексеевна Якунина 17 қарашада сағат 10:00 шамасында Жітіқара ауданындағы үйінен шығып кеткен. Тәртіп сақшылары зейнеткердің айрықша белгілерін жариялады:

Бойы - 140-145 см, шашы сұр түсті, қысқаша кесілген, көк көзді, ерні жұқа. Иегінің астында қал бар.

Үстінде көк куртка, тоқылған сұр бас киім, қара түсті қысқы етік алып жүруі мүмкін. Өзімен бірге сарғыш сөмке ұстап жүреді.

Полицейлер атап өткендей, бұған дейін екі кісі де хабар-ошарсыз үйінен кетпеген.

Хабар-ошарсыз жоғалған адамдардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, Қостанай облысының полиция департаментіне мына телефондар арқылы хабарлауыңыз сұралады: 8-7142-52-61-11, 52-62-18, 52-61-12 немесе 102 (қоңырау тегін).

Соңғы жаңалықтар