Қостанайда дүкенге шығып кеткен әйел қайтып оралмаған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 42 жастағы әйел із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ольга Николаевна Горбунова 4 қыркүйек күні Алтынсарин ауданына қарасты Бозбек ауылында жоғалып кеткен. Қызы Анна Ковалькованың сөзінше, анасы дүкенге барып келетінін айтқан. Ал дүкен аудан орталығынан 15 минуттық жолдағы Бозбек ауылында орналасқан.

Ольга Николаевна өзімен бірге ешқандай құжат алып кетпеген. Куәгерлер, оның дүкенге кіргенін-шыққанын көрген. Алайда, ол әлі оралған жоқ. Туған-туыстары сол күні полицияға хабарласты.

Оның бойы - 160-165 см, арық денелі, қара шашты. Ольга Горбунова туралы қандай да бір деректерді білсеңіз мына телефондарға қоңырау шалыңыз:

102 немесе 8-747-818-72-33.

Соңғы жаңалықтар