Қостанайда дүкен мен монша өртеніп жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласындағы Пушкин көшесінде орналасқан үш қабатты ғимарат өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл ғимаратта монша мен дүкен орналасқан. Өрт 3-қабаттағы төбе жабындысы мен шатырдан шыққан.

20 адам ғимараттан эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында 42 өрт сөндіруші мен 8 техника жұмыс істеп жатыр.  

Соңғы жаңалықтар