Қостанайда демалыс орнынан өрт шықты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай ауданындағы «Сильвер» демалыс орнынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД таратты. Сағат 16:30 шамасында ведомствоның өртке қарсы қызмет бөліміне Қостанай ауданы Мичурин ауылындағы  «Сильвер» демалыс орнындағы мейрамхана шатырының  өртенгені туралы хабар келіп түскен.

«Оқиға орнына жеке құрамның 32 өрт сөндірушісі мен 8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Басқа ақпараттар кейінірек белгілі болады», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар