+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Қостанайда дала өртін сөндіру бір тәулікке созылды

2021 жылғы 2 тамыз 12:30
Бөлісіңіз:
Қостанайда дала өртін сөндіру бір тәулікке созылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Амангелді ауданында дала өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірдің ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда дала өртінен денесінің 90 пайызын күйік шалған тұрғын қайтыс болды Алматыда тау бөктерінде қураған шөп пен ағаш өртеніп жатыр Қарағанды облысында дала өртінен үш адам күйіп қалды

«1 тамыз күні сағат 14:45-те 26-шы Өрт сөндіру бөліміне Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округіндегі Жарыпшыққан жерінде даланың жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті.

ТЖД қызметкерлері 80 шақырым жолды жүрді. Онда бір техника және жеке құрамның алты адамы барды. Оларға көмекке жергілікті атқарушы органдар келді. Құрамда 14 қызметкер, өрт сөндіру құрылғысы бар екі трактор және екі жеңіл автокөлік болды. Өрт 35 гектарды аумақты шарпыды», - деп мәлімдеді облыстық ТЖД.

Өрттің себебі әзірге белгісіз. Құтқарушылардың айтуынша, сол күні ыстық 30 градустан жоғары болған, бұл өрттің тез таралуына әсер еткен.

«Қуаныштысы, өрт сөндірушілер өрттің әрі қарай таралуын тоқтатты. Бір күн бойы қызметкерлер аянбастан өртпен күресті. Ол тек таңғы 04:40-та ауыздықталды. Жалын жақын жердегі ауылға жеткізілмеді», - деп мәлім етті ведомстводан.


Авторы Жанна Мұсабаева


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT