Қостанайда цифрлық хабар тарату жүйесі іске қосылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанайда цифрлық хабар тарату жүйесі ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 шілдеден бастап Қостанай облысы телерадио хабарларды тек цифрлық жүйеде көретін болады. Бұл жөнінде «Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасы Ескендір  Тәжібеков айтты.

«Қостанай облысында 59 радио-телевизия стансасы салынды. Облыстағы цифрлық хабар тарату үлесі -  98%. 677 елдімекеннің ішінде небәрі 40 ауыл цифрлық жүйеде теледидар көре алмайды. Мұның өзіндік себептері бар», - деді Ескендір  Тәжібеков.

Басқосуда қала мен ауыл тұрғындарын ақпараттандыру мақсаты сөз болды. Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың айтуынша, 1 шілдеден бастап аналогты хабар тарату тоқтатылады.

«Енді шалғай ауылдардың тұрғындары теледидарды ең жоғары сапада тегін көре алады. Соған байланысты халық арасында ақпарат-насихаттық жұмыстар жүргізу қажет. Себебі, маған белгілі деректер бойынша, Лисаков қаласы респонденттерінің 48%-ы, Денисов ауданы тұрғындарының 48%-ы бұл жаңалық туралы білмейді. Бұл дегеніңіз - үлкен проблема. Кейін опық жейтін біз боламыз. Сондықтан тұрғындарды қазірден бастап құлаққағыс етіңіздер. Мұны қадағалауды ішкі саясат басқармасына тапсырамын», - деді М.Жүндібаев.

Жиын барысында Ескендір Тәжібеков пен Марат Жүндібаев  цифрлы хабар тарату жүйесі ресми түрде іске қосты.

Соңғы жаңалықтар