Қостанайда Челябі облысының күндері басталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Челябі облысының күндері аясында Қостанай қаласына жұмыс сапарымен Челябі облысының губернаторы Алексей Текслер бастаған делегеация келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Меймандар қатарында бірқатар министрлік мен компаниялар өкілдері бар. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов атап өткендей, бұл сапардың мақсаты – қос елдің экономикалық жағдайын дамыту, туризм-мәдениет саласындағы байланысты нығайту.

«16 жыл бойы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының шекаралық ынтымақтастық форумы өткізіліп келеді. Қос ел арасындағы қатынастың маңыздылығын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы шетелдік сапарында атап өтті. Біз әруақытта Челябідегі әріптестеріміздің шақыруын қабылдаймыз. Бұл жолы көршілес облыс өкілдері біздің өңірге концерттік бағдарламамен келді», — деді Архимед Мұхамбетов.

Сапар барысында Челябі делегациясы әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралап, мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтардың қатысуымен кездесу өткізді. Қос облыстың жетекші кәсіпорындары, ұлттық компаниялары, атқарушы билік органдары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Оңтүстік-орал өңірінің «Урал» мемлекеттік би және ән ансамблі «Жастар сарайында» концерттік бағдарлама қойды.

Соңғы жаңалықтар