Қостанайда бұзақылар зейнеткердің ақша салынған сөмкесін тартып алып кеткен

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда полиция зейнеткердің қолындағы ақша салынған сөмкені тартып алып кеткен бұзақыларды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ІІБ қызметкерлері кезекші бөлімнен сөмкенің ұрланғаны туралы хабарламаны алып, Савицкая көшесі бойымен із кесті. Жәбірленуші сөмке ішінде банк карталары мен 20 мың теңгенің болғанын айтқан. Зейнеткер күдіктінің айрықша белгілерін сипаттап берді», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарламасында.

Құқық қорғау органы қызметкерлері Терешкова көшесінің бойында 21 және 24 жастағы ер адамдарды ұстады. Олар Қостанай ауданының тұрғындары болып шықты. Күдіктілердің қолында зейнеткердің алқызыл түсті сөмкесі болған. Осы факт бойынша «Тонау» бабымен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

Ұрылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Соңғы жаңалықтар