Қостанайда бұрынғы білім бөлімінің ғимараты өртеніп кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласындағы бұрынғы білім бөлімінің ғимараты өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт кезінде зардап шеккендер жоқ.

«Қостанай қаласындағы Шаяхметов көшесіндегі үшқабатты ғимарат өртеніп кетті. Алдымен ғимраттың шатыры жанған. Өрт ауқымы 150 шаршы метрді құрады», - делінген ведомствоның хабарламасында.

ТЖД мамандарының болжамына сәйкес, өртке сымдардың қысқа тұйықталуы себепші болған. Айта кетейік, бұл ғимаратта бірнеше ай бұрын қалалық білім беру бөлімі орналасқан.

Соңғы жаңалықтар