+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Қостанайда браконьердің көлігі тәркіленіп, 14 млн теңге айыппұл салынды

2019 жылғы 23 наурыз 03:21
Бөлісіңіз:
Қостанайда браконьердің көлігі тәркіленіп, 14 млн теңге айыппұл салынды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда заңсыз киік атқан тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Браконьерлер Жангелдин ауданының Борлы елді мекенінде 3,5-5 жылдық 4 киікті заңсыз атқан. Олар өлтірілген жануарлардың мүйіздерін (дериваттарын) кесіп алған.

«Жангелдин аудандық сотымен қылмыстық іс келісімді іс жүргізуде қаралды. Ол бойынша азамат Ж. ҚР ҚК-нің 337, 339-баптары бойынша кінәлі деп танылды. Жаза өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, жыл сайын 100 сағатқа жергілікті атқарушы органмен белгіленген орындарда мәжбүрлі еңбекке тартылады.Аңшылық қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, оған 2 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Жаза тағайындау кезінде сот Ж.-ның асырауында төрт жас баланың болуы, сондай-ақ бұрын сотталмағанын ескерді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұған қоса, сотталушы ҚР жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін мемлекет пайдасына 14 430 000 теңге айыппұл төледі.

Сот үкімімен қылмыстық іс бойынша «Toyota 4runner» маркалы автокөлік мемлекет кірісіне тәркіленді. Ал «ИЖ-18Е» моделді 12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығын жою шешімі қабылданды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі ел аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2020 жылға дейін тыйым салу енгізілгенін еске салады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT