Қостанайда бойжеткен көпірден секіріп кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 21 жастағы бойжеткен Қостанайдағы үлкен көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 5 қыркүйек күні сағат 6-да болған. Куәгерлердің айтуынша, бойжеткен үлкен көпірден секірген. Жедел жәрдем қызметкерлері оны Қостанай қаласы ауруханасына жеткізді. Ол бірден жан сақтау бөліміне ауыстырылды. Дәрігерлердің айтуынша, қазір қыздың халі жақсы. Онымен психолог жұмыс істеуде. 

Аталған жағдайға байланысты Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметіне сұраным жіберілді.

Соңғы жаңалықтар