Қостанайда «бомба» туралы жалған ақпарат берген күдікті ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы полицейлерді әбігерге түсірген 34 жастағы қостанайлық ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь тәртіп сақшыларының «Март» сауда орталығын түгелдей қоршауға алған айтқан болатын. Басты себеп - «бомба» қойылғаны туралы жалған хабар.

«Бүгін жедел іздеу шаралары нәтижесінде 34 жастағы күдікті азамат ұсталды. Ол Қостанай қаласының тұрғыны болып шықты. Оның мас күйінде болғаны анықталды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 5 АЕК есебіндегі айыппұл салынуы немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді Ирина Беженарь.

Айта кетейік, қазір осы факт бойынша ҚР ҚК 273-бабымен соталды тергеп-тексеру шаралары басталды.

Соңғы жаңалықтар