Қостанайда «бомба қойылды» деген үйдің тұрғындары уақытша эвакуацияланды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Облыстық полиция департаменті Қостанай қаласында «тұрғын үйге бомба қойылды» деген оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін шамамен сағат 15:05-те «Оңтүстік» полиция бөлімшесіне Лермонтов көшесіндегі тұрғын үйге жарылғыш заттың қойылғанын хабарлады. Аталмыш ғимарат бұған дейін балабақша болған, кейін тұрғын үй ретінде қайта жөндеуден өтті. Оқиға орнына тиісті қызмет өкілдері жұмылдырылды, ақпарат тергеп-тексеріліп жатыр», - деді агенттік тілшісіне ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазір Лермонтов көшесіндегі 18-үйдің тұрғындары уақытша эвакуацияланды. Тұрғын үй аумағында криминалистер жұмыс істеп жатыр.


Соңғы жаңалықтар