+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қостанайда блокпостағы сақшыларға күн сайын тамақ пісіріп апарған қария үздік патриот атанды

2020 жылғы 4 маусым 17:10
Бөлісіңіз:
Қостанайда блокпостағы сақшыларға күн сайын тамақ пісіріп апарған қария үздік патриот атанды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында «Мен патриотпын» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен патриотпын» байқауы аймақта жыл сайын өткізіледі. Дәстүрлі жобаның үздіктерін облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев құттықтап, марапаттау рәсімін жүргізді. Облыстық ішкі саясат басқармасы мұрындық болған байқауға биыл жүздем астам үміткер қатысты.

Оның ішінен түрлі салада табысты қызмет етіп, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген еңбегі елеулі 15 адам үздік деп танылды. Оларға кәдесый ретінде Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесі бар сағат берілді.

«Барша қостанайлықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын. Жыл сайын өтетін «Мен патриотпын» байқауының осы мерекеге орайластырылуының мәні бар. Өйткені мемлекеттік рәміздер – асқақ отансүйгіштіктің нышаны. Байқау жоғары деңгейде өтті. Биыл он аталым бойынша 15 жеңімпаз анықталды. Жыл сайын марапаттау рәсімі патриоттар форумы аясында өтетін. Биыл облыстағы карантиндік шараларды сақтап, шағын залда ұйымдастырып отырмыз. Біз бүгін облыс орталығындағы 9 үздікті марапаттадық. Қалған жеңімпаздарға аудан-қалалардың әкімдері сыйлық тапсырады», - деді облыс әкімінің орынбасары М.Жүндібаев.

Сонымен, осы жылы мәдениет, ғылым-білім, денсаулық сақтау, спорт және еріктілер қозғалысында еңбегі көрінген 103 қостанайлық байқауға қатысуға өтінім білдірді.

Марапат алғандар қатарында облыстық балалар ауруханасының дәрігері Санжар Жағыпаров, волонтер Ирина Карпенко, болашақ ғалым Артём Слабунов, полиция қызметкерлері Жанболат Жаутин және Амантай Байжанов және боксшы Надежда Рябец бар.

Төтенше жағдай кезінде алғы шепте жүріп, ізгі ісімен көпке үлгі болған азаматтардың есімі елеусіз қалмады. Олардың қатарында Жангелдин ауданының Тоқанай ауылында тұратын 70 жастағы Қамай Қапаров бар. Қарияның ауыл маңына қойылған блокпостың сақшыларына күн сайын үйінен тамақ әзірлеп апарып, қамқорлық көрсеткені белігілі. Ақсақал бұл өнегесімен бүкіл елдің сүйіспеншілігі мен алғысына бөленген еді.

Ерлік ісімен көзге түскен тәртіп сақшылары да марапатқа ие болды. Олар – Қостанай қалалық полиция басқармасының қызметкерлері Жанболат Жаутин мен Амантай Байжанов. Қос полицей 22 сәуірде облыс орталығындағы Алтынсарин көшесінде көпқабатты үйді шарпыған өрттен 15 адамды құтқарып қалған. Батырлар осы ерліктері үшін Ішкі істер министрінен медаль алды.

«Жерлестерімді рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еңбегіміздің бағаланғаны жақсы. Бүгін де облыс әкімінің марапатын алып жатқаныма қуаныштымын. Еліміздің туы көкте желбірей берсін. Мен полиция қызметкерімін, сол себепті елдің тыныштығын күзетуді басты міндетіміз санаймыз», – деді аға лейтенант Жанболат Жаутин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT