Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.36 EUR 431.30
RUB 5.45 CNY 53.80
Жаңалықтар

Қостанайда бизнесті қолдауға 10 млрд теңге бөлінді

2018 жылғы 15 қыркүйек 18:31 288
Бөлісіңіз:
Қостанайда бизнесті қолдауға 10 млрд теңге бөлінді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Биыл Қостанай облысында шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдауға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы Арқалық қаласында өткен жиында облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ұқсас жаңалықтар
Бизнес ісіне қол сұғу төтенше жағдай ретінде қаралады - Бектенов Қазақстанда бизнес-инкубаторларды қолдау жобалары іріктелуде

Қостанай облысында бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары іске асып жатыр. Соның бірі - «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы. Аталған мембағдарламаны дамыту үшін биыл 5,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

«Кәсіпкерлікті қолдаудың қабылданған шаралары арқасында соңғы 4 жылда облыста шағын және орта бизнестің өнімі  50%-ға өсті. Шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін адамдардың саны 2014 жылы 138 мың болса, былтыр ол 152 мыңға  дейін артты. Бұл көрсеткіш бойынша Қостанай облысы барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың ішінде 4-орында. Биылдың өзінде ШОБ қолдауға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді», - деді облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

М.Мырзалиевтің айтуынша, ШОБ саласындағы нәтижелер, ең алдымен, облыстың оңтүстік өңірлері - Арқалық, Амангелді, Жангелді және Науырзым аудандарындағы кәсіпкерлікті дамытуға айрықша ықпал етуде. 

«Қазіргі уақытта оңтүстік аудандардың кәсіпкерлерді мемлекеттк бағдарламаларды дұрыс пайдаланып келеді. 2018 жылы бизнесті дамыту бағдарламасы шеңберінде  239,2 млн теңге сомасында 75 шағын несие алынды. Сонымен қатар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорын оңтүстік өңірлерге 6,7 млн теңге болатын 2 несие берді», - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Жиында айтылғандай,туризм саласы кәсіпкерліктің дамуына үлкен серпін бере алады. Бүгінгі күні туризм облыстың оңтүстік аудандарының экономикасын дамытудың басты баламасы ретінде қарастырылады. Арқалық қаласымен Амангелді, Науырзым, Жанкелдин аудандарында мәдени-танымдық, экологиялық туризмді, әсіресе аңшылық пен балық аулауды дамытудың барлық алғышарттары бар.

Өңірде 13 аңшылық ісін пайдаланушы және 9 балық тоғандарын пайдаланушы жұмыс істейді.

Еске салсақ, бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Арқалық қаласына барды.  

Архимед Мұхамбетов қаланың индустриялық-аграрлық бағытына жақсы бағасын берді. Дегенмен, өңір басшысы жекелей көрсеткіштер бойынша басшылардың жұмысын сынға алған болатын.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат