Қостанайда бірнеше шенеунік 37 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғалары 37 млн теңге бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілікті. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов онлайн-брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агенттіктің Қостанай облыстық департаменті облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ, Жітіқара және Жангелдин аудандары әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы бөлімдерінің бас мамандарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді ол.

Аппарат басшысының дерегінше, олар жайылым және мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ету бойынша шаруа қожалықтарының іс жүзінде орындамаған жұмыстарын растау арқылы 37 миллион теңгеден астам мемлекеттік субсидияны алаяқтық жолмен ұрлау күдігіне ілінген.


Соңғы жаңалықтар