+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Қостанайда бірқатар ауылдың жолдары жөнделеді

2019 жылғы 15 сәуір 16:30
Бөлісіңіз:
Қостанайда бірқатар ауылдың жолдары жөнделеді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 2019-2021 жылдары Қостанай облысына республикалық бюджеттен қосымша 80 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел қазынасынан бөлінетін қаржының басым бөлігі облыстық және аудандық маңыздағы жолдарды жөндеуге бағытталады. Сондай-ақ жолдарды жаңғыртуға жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлінеді. Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазинаның айтуынша, осы мақсатта жолаушылар көлігі басқармасына 791,5 млн теңге қарастыру көзделген. Оның 747,2 млн теңгесі аудандық маңыздағы автожолдарды жөндеуге жұмсалмақ.

«Облыстағы Қарасу, Октябрь, Шалғышы, Красный Октябрь, Асимов, Абай, Новоселов, Боровской, Ұзынағаш, Баннов ауылдарының жолдары қалыпқа келтіріледі. Мұның сыртында, облыстық маңыздағы Қарасу-Большой Чураков, Рудный-Қашар-Лисаков жолдары жөнделеді. 21,1 млн теңге Рудный қаласындағы Володарский көшесін ретке келтіруге беріледі. Артылған 23,2 млн теңге облыстық маңыздағы автожолдар құқығы туралы сәйкестендіру құжаттарын әзірлеуге жұмсалады», - деді басқарма басшысы.

Облыстың энергетика және тұрғын үй шаруашылығы саласына 646 млн теңге бөлінді. Оның тең жартысы - 373 млн теңге Арқалық жылу энергетикалық орталығына бағытталады.

«177,8 млн теңгені Денисов ауданының Фрунзе, Красноармейский ауылдарын, Таран ауданының Валерьянов, Қарасу ауданындағы Восток, Қарасу елді мекендерін ауызсумен қамтуға шығындау көзделіп отыр. Осы қаржыға облыс орталығындағы Уральский, Шипин, Жауынгер-интернационалистер көшелеріндегі су құбырлары жөнделмек. Лисаков қаласының жылу желілерін қалыпқа келтіруге 50,9 млн теңге қарастырылады», - деді Гүлбарам Мұсағазина.

Архимед Мұхамбетов 2025 жылға дейін облыс жолдарының мәселесі 98% шешілуі керектігін айтты. Өңірдегі жол торабы ел бойынша қашықтық жөнінен екінші орында, сондықтан бұл жеңіл-желпі шаруа емес, қомақты қаржы тартуды талап етеді.

«Осыдан бірнеше жыл бұрын республикалық бюджеттен 20-30 млрд теңге бөлінген болса, ол бүгінде 80 млрд теңгеге жетті. Алайда біз ортақ қаржыландыруға көңіл бөлуіміз керек. Яғни жергілікті бюджеттің міндетті үлесі болуы тиіс. Қазір жергілікті бюджет қоры өсіп келеді. Сонда да біз оны жақсартуға жұмыс істей беруіміз қажет. Болашақта бұдан да қомақты қаржы бөлінсе ортақ қаржыландыруға әлеуетіміз жетуі керек. Көп жұмыс атқарылды. Бірақ қуануға әлі ерте», - деді аймақ басшысы.

Бұған дейін Қостанай облысында 1442 шақырым электр желісін жөндеу жоспарланғанын хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT