Қостанайда бір күнде екі сәби терезеден құлап кетті

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында бір күнде екі сәби ашық тұрған терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

30 маусым күні сағат 12:30-да бес қабатты үйдің үшінші қабатынан бір жасар сәби құлады. Оқиға кезінде ол ата-ананың қарауынсыз қалған.

«Бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді», - деді Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Сол күні сағат 20:20-да қаланың Уральская көшесіндегі бес қабатты үйдің екінші қабатынан екі жасар сәби құлап түсті. Ол бас сүйек-ми жарақатын алған. Қазіргі кезде балалар травматологиясында жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

ТЖД әдетте, балалар терезе алдына әртүрлі жиһаздарды қолдана отырып өз бетімен шығып алатынын, шыбын-шіркейге қарсы торға сүйеніп құлап кететінін ескертті.


Соңғы жаңалықтар