Қостанайда бір-бірімен жарысқан екі автобус соқтығысты

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай қаласында екі автобус соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға бүгін КСК шағын ауданында, Қобыланды батыр көшесінде болған.

Куәгерлердің айтуынша, қоғамдық көліктер қатты жылдамдықпен жарысып келе жатқан.

«Mercedes маркалы №13 маршруттық автобусының 61 жастағы жүргізушісі қашықтықты сақтамай, Volvo маркалы автобуспен соқтығысты. Полиция қызметкерлері іс жүргізу шешімін қабылдау үшін әкімшілік материал жинады. Жол-көлік оқиғасы кезінде ешкім зардап шеккен жоқ», - дейді полицияның баспасөз қызметі маманы Кенже Қонысбай.


Соңғы жаңалықтар