Қостанайда бір аптадан бері хабарсыз кеткен 35 жастағы әйелдің денесі табылды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда жоғалған 35 жастағы әйелдің денесі табылды. Оны полиция 22 қыркүйектен бері іздеп жатқан еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полицияға оның күйеуі жүгінген.

Аталған факті бойынша полиция іздестіру іс-шараларын бастады.

Бүгін 8.25-те «102» пультіне үлкен көпір аймағындағы өзенде әйелдің денесі болуы мүмкін деген хабарлама келді.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Марқұмның Қуаныш Бермұхамбетова екені туралы ақпарат расталды.

Қазіргі уақытта өлімнің себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.


Соңғы жаңалықтар