Қостанайда білім бөлімінің басшысы жауапқа тартылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметі департаменті облыстың мемлекеттік органдарына жоспардан тыс тексерулер жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының орынбасары Асхат Ескендіровтің сөзінше, мемлекеттік органдарда бірнеше құқықбұзушылық фактісі тіркелген. Сонымен қатар, әдеп жөніндегі кеңес жиі өтіп тұрады. Бұл азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

«Бұған дейін әдеп жөніндегі кеңестің 4 отырысы өткізіліп, бас-аяғы 23 мәселе қаралды. Мысалы, Алтынсарин ауданының тұрғыны кеңес отырысында Алтынсарин ауданының білім беру бөлімінің басшысы А. Мамаева қатысты шағым айтып келген. Сөзінше, Мамаева өзіне және жұбайына қосымша факультативтік сағат тағайындаған. Бұл қосымша төлем енгізу және шешім қабылдаудағы заңсыз артықшылық көрсетуге жатады. Департамент қабылдаған шаралар қорытындысы бойынша бюджетке 236 мың теңге қайтарылды. Бөлім басшысы мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтар жасағаны үшін ҚР мемлекеттік қызметі туралы Заңның 50-бабы, 1-тармағымен қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде жауапкершілікке тартылды», - деді Асхат Ескендіров.

Аталмыш департамент тұрақты негізде мемлекеттік органдар комиссияларының қызметіне талдау жүргізіп келеді. 2019 жылдың 1 тоқсанында 238 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 156 қызметкерше ескерту берілген.

«157 мемлекеттік қызметшің өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жазаланды.

Мысалы, Қарабалық кентінің әкімі А.Шектібаев аудан әкімінің тапсырмасын уақытылы орындамағаны үшін сөгіс алды, алайда қызметтік тергеу жүргізілген жоқ. Жалпы, біздің департамент 10 мемлекеттік органда жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Нәтижесінде Қостанай қаласы әкімдігінде қызмет алушылардың құқықтары жиі бұзылатыны анықталды. Оларға қатысты тұрғындардан 5 шағым түскен», -деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары.

Асхат Ескендіров департаменттің «Үйге қызмет көрсету» жобасына тоқталды. Осы жоба аясында департамент қызметкерлері Мемлекеттік корпорациямен бірге денсаулық жағдайы немесе басқа да себептермен мемлекеттік қызметтерге өз бетінше жүгіне алмайтын адамдарға көмектеседі. Қазір бұл жоба Таран және Меңдіқара аудандарында жемісті жүргізіліп келеді.

Соңғы жаңалықтар