Қостанайда бес автокөлік соқтығысты

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат –Бүгін Қостанай және Тобыл қалалары арасындағы тасжолда бірнеше көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқиға 21 желтоқсан күні сағат 15:00 шамасында болған. «102 пультіне «Қостанай-Тобыл» автожолында 5 автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. «Toyota Alphard» автокөлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Volkswagen Golf», «LADA Granta», «Volkswagen Sharan» және «LADA Priora»автокөліктерімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан «Volkswagen Sharan» автокөлігінің жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Бірнеше адам түрлі дене жарақатымен емханаға жеткізілді», делінген ведомство хабарламасында.

Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу шаралары басталды.


Соңғы жаңалықтар