Қостанайда бензин бағасы 155 теңгеге дейін көтерілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда АИ-95 маркалы бензиннің бағасы 155 теңгеге дейін қымбаттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қаладағы көптеген жанармай бекеттерінде 30 қыркүйек күні кешке қарай баға көтеріле бастаған. Жүргізуші Розаима Канның айтуынша, ол күндегі әдетпен жанармай құю үшін бекетке 19.00-де келгенде бағаларды көріп таңғалған. «Жұма күні 152 теңгеден құйған едім, ал кеше бірден 155 теңге. Баға өсіп жатыр... Мұның себебі неде екенін түсінсем бұйырмасын», - дейді ол.

Еске сала кетсек, АИ-92 маркалы бензиннің бағасы қыркүйекте қымбаттай түскен.

Соңғы жаңалықтар