+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Қостанайда белгісіз біреулер аулада отырған екі адамды пышақтап, бірін өлтірген

2020 жылғы 23 қазан 21:27
Бөлісіңіз:
Қостанайда белгісіз біреулер аулада отырған екі адамды пышақтап, бірін өлтірген

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай қаласының полицейлері екі адамды пышақтап кеткен күдіктілерге іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда біреудің шотынан 1 млн теңгеге жуық ақша шешіп алған күдікті ұсталды Бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді – ІІМ Оралда бір түнде бірнеше адам пышақ жарақатын алды

Қылмыс 21 қазан күні сағат 23:00 шамасында Қостанай қаласындағы Әл-Фараби көшесінде болған. Күдіктілер аулада отырған екі адамды пышақтап кеткен.

«59 жастағы Арқалық қаласының тұрғыны оқиға орнында қаза болды. 61 жастағы екінші жәбірленуші пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оған амбулаториялық ем-дом шаралары белгіленді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT