Қостанайда базардан нәрестенің мәйіті табылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында «Бүркіт» базары аумағынан пакетке салынған өлі сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кеше сағат 17:00 шамасында Гоголь және Шаяхметов көшелерінің қиылысында, «Бүркіт» базарының аумағында 37 жастағы ер адам пакет тауып алды. Онда нәрестенің денесі болған. Оқиға орнына жеткен тергеу-жедел тобы сәбидің қыз бала екенін анықтады», - делінген хабарламада.

Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабына (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) сәйкес сотқа дейінгі іс қозғалып жатыр.

«Полиция халықтан осы факт бойынша нақты ақпарат болса, хабарлауын сұрайды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар