Қостанайда балалардың көзінше шешінген ер адам жұртты шошытты

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Затобол ауданында балалардың көзінше шешінген ер адам жұрттың ашуына тиді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талтүсте әуретті жерін көрсеткен ер адам жасөспірімдерден кешірім сұрады. Оның суреті мен бейнежазбасы «Вконтакте» әлеуметтік желісінде жарияланды. Арсыз әрекетке барған жігіт ағасы желі оқырмандарының қытығына тиді. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ол жасөспірімдерден қашып кетпекші болған.

«Ерсі әрекетке барған ер адаммен сөйлестік. Ол бізден кешірім сұрады. Ішімдік пайдаланбаған. Киім киісі жақсы. Бірақ, балалардың көзінше мұндай қылық жасағандықтан оны жауапқа тарту керек деп ойлаймын. Тіпті, видеода оның шалбарының түймесін салмағанын анық көруге болады», - деді Максим Павленко есімді куәгер.

Ал психологтартың сөзінше, мұндай адамдарды ғылымда эксгибиционист деп атайды.

«Эксгибиционизм жасанды және шынайы болып екі түрге бөлінеді. Шынайы дегеніміз - осы әрекетті жасаған кезінде өз-өзін бақылауда ұстай алмайтындар. Мұндайлардың психологиялық сырқаты болуы мүмкін. Ал жасанды эксгибиционизм адамның өз қалауымен жасалатындықтан, көп жағдайда бұзақылық іс-әрекет ретінде танылады», - дейді «Psychologists together» психологиялық орталығының маманы Гүлнұр Мейрамқызы.

Әлеуметтік желідегі бейнежазбаны Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне жібердік. 

Соңғы жаңалықтар