Қостанайда балалар үйінің түлектері заңды баспаналарына ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайда балалар үйінің түлектері заңды баспаналарына ие болды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Республикалық арнайы мониторингтік топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қостанай облысында тұрғын үй алу түріндегі мемлекеттік қолдау бойынша балалар үйінің түлектерінің құқығы бұзылған. Сонымен қатар, түлектер заңды шаршы метр алу құқығы туралы ақпаратты білмегендіктен 5 жылдан астам тұрғылықты жері болмаған", - деді ол.

Алайда, оның айтуынша, арнайы мониторингтік топ мүшелерінің араласуымен БАҚ-та осы мәселе қозғалып, оларға жатақханадан 5 бөлме түрінде көмек берілді.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға тұрғын үй беру - бүгінгі күні өте өткір мәселе. Біздің топ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмау, барлық өңірлерде объективтілік пен ашықтық үшін Байқау кеңесінің құрамына енгізу бойынша ұсыныстар берді, бүгінгі күні бұл мәселе қаралуда», - деді Р.Гасанов.

Соңғы жаңалықтар