Қостанайда балабақшаға электронды кезекке тұруға болады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында күзге қарай бүлдіршіндерді балабақша кезегіне қоюды электронды режимге өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Бәтима Даумова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов көктемде 2018 жылдың соңына дейін Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларындағы балабақша кезегіне қою мемлекеттік қызметін электронды режимге көшіруге тапсырма берген.

null«Бүгінгі таңда мәслихаттың облыстық сессиясы Қостанайдағы балабақша кезегін 1 қыркүйекке дейін электронды режимге көшіруге 24,5 млн теңге қаржы бөлді. Басқа қалалар мен аудандардағы жағдай бойынша әлі нақты ақпарат жоқ», - деді Б. Даумова.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде облыстағы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 99,7%-ы балабақшамен қамтылған. Биыл мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қосымша 505 орын ашу жоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар