+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Қостанайда бала денсаулығына қауіпті ойыншықтар табылды

2020 жылғы 12 ақпан 09:51
Бөлісіңіз:
Қостанайда бала денсаулығына қауіпті ойыншықтар табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері қауіпті ойыншықтарды анықтап, дүкен сөрелерінен алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында 291 адам карантинде жатыр Қостанайда коммуналдық тарифтер төмендеді Қостанайлық құс фабрикасы мемлекет қолдауынан үмітті

Ведомствоның бөлім басшысы Рагуль Таженова айтқандай, өңірде балалар ойыншықтары үнемі тексеруден өтіп тұрады. Өткен жылы аумақтық басқармалардың мамандары 167 ойыншық сынамасын іріктеп алған, оның 67-сі техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеген.

«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент бойынша, дайындаушы немесе өнім беруші тарап сатып алушыны ойыншық туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге тиіс. Тиісінше, тұтынушы ойыншықтың құрамы, қасиеттері, сақтау, пайдалану шарттары, жарамдылық мерзімі, салмағы, қауіпсіздігі сияқты мәліметтерді білуі қажет. Бүгінде талаптарға сәйкес келмейтін ойыншықтардың 80% - ы Қытайда өндірілген, қалған 20% - ы Ресей, Украина, Өзбекстан елдерінен келген ойыншықтар. Атап айтқанда, Қытайдан әкелінген «Барби Beauty» және «L.O.L. Fruit doll», «Racing Super» ойыншықтары токсикологиялық-гигиеналық көрсеткіштерге сәйкес келмеді. Бұлар баланың денсаулығына қауіпті саналады. Аталмыш ойыншықтар дүкен сөрелерінен алынып тасталды», - деді Рагуль Таженова.

2019 жылы талаптарға сәйкес келмейтін ойыншықтарды сатқан жауапты тұлғаларға 314061 теңге сомасына 6 айыппұл салынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қостанай облысы, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT