Қостанайда әйелдің басына кірпіш құлап кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында тұрғын үй төбесінен құлаған кірпіш әйел адамның үстіне түскен. Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға облыс орталығындағы Гашек көшесінің бойында болған.

«Тұрғын үй төбесінен құлаған кірпіш 41 жастағы әйел адамның басына түскен. Ол есінен танып қалған. Басы жарылғаннан қан көп жоғалтқан. Ашық бас сүйек-ми жарақаты, травматикалық шок диагнозы қойылды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Мамандар кірпіштің құлауына желдің әсері болуы мүмкін екенін болжап отыр.

Зардап шегуші әйел бірден қалалық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр.

Соңғы жаңалықтар