Қостанайда әйелдерді құтқармақ болған ер адам суға батып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда 7 шілдеде суға ағып бара жатқан әйелдерді құтқармақшы болған ер адам қаза тапты. Бұл фактіні ҚР ІІМ ТЖК растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

«Ондай оқиға болды. Адамдар шомылуға арналмаған жерде жүрген. Ол жер қауіпті болған. Бір күн бұрын Солтүстік өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағының қызметкерлері рейстік іс-шарамен келіп, азаматтарға шомылу мен онда жүрудің қауіпті екендігін ескерткен. Куәгерлердің айтуынша, құтқарушылар кеткеннен кейін шомылғылары келді ме, әлде суретке түспекші болған ба, әйтеуір суға ағып кеткен. Оларды жағажайда отбасымен жүрген ер адам құтқармақ болған. Бірақ, ол шомылуға емес, демалуға келген. Ер адам әйелдерді құтқармақ болып, отбасының көз алдында өзі суға батып кеткен», - деп түсіндірді Руслан Иманқұлов.

Еске салайық, Қостанай облысында биыл осындай 6 оқиға тіркелді. Бұдан бұрын хабарланғандай, өңірде 6 жасар бала мен 22 жастағы жігіт, сондай-ақ екі ер адам суға ағып кеткен еді.

Соңғы жаңалықтар