Қостанайда автомобиль өндірісі ұлғайтылмақ
«Машина жасау саласына жеке тоқталғым келеді. Есепті кезеңде мұнда (жыл басынан) 363,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді, өсімі - 17,7 пайыз. Автоөнеркәсіп 2021 жылдың наурыз айынан бастап KIА маркалы автомобильдерді құрастыра бастады және осы жұмыс істеген кезеңде 7 863 көлік шығарылған. Биылғы шілде айында «АвтоВаз» және «Renault Россия» компанияларымен бірлесіп, LADA автомобильдік желісінің және Renault автомобильдерінің өндірісі жолға қойылды», - деді А. Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, кәсіпорын шағын тораптық әдіспен (CKD) автомобильдер өндірісі жобаларын ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Өткен кезеңде «СарыарқаАвтоПром» ЖШС конвейерінен барлығы – 44 115 көлік құрастырылып, оның 6 мыңнан астамы экспортқа жіберілген.