+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

Қостанайда автокөлік ағашқа соғылып, бір адам көз жұмды

2021 жылғы 28 қыркүйек 18:14
Бөлісіңіз:
Қостанайда автокөлік ағашқа соғылып, бір адам көз жұмды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 44 жастағы қостанайлық тізгіндеген автокөлік ағашқа соғылды. Жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бағанға, үйдің қоршауына соғылды: Алматыда автокөлік 1 адамды мерт қылды Жамбыл облысында жол апатынан 1 адам қаза тауып, 6-уы жарақаттанды Петропавлда 19 жастағы бойжеткенді жеңіл көлік қағып кетті

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің Facebook-аккаунтында хабарланды.

«28 қыркүйек күні сағат үштер шамасында 102 пультіне Узкоколейная көшесінің бойында 44 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Фольксваген Пассат» маркалы автокөліктің ағашқа соғылып, аударылып кеткені туралы хабар келіп түсті», - делінген полиция хабарламасында.

Оқиға орнына автопатруль барған. Жол-көлік оқиғасы (ЖКО) салдарынан жүргізуші көз жұмған, түрлі жарақаттар алған 34 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілген.

«ЖКО сызбасы құрастырылды, қазіргі уақытта ҚР ҚК 345 бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Полицияның хабарлауынша, жыл басынан бері облыста 221 жол көлік оқиғасы болып, 50 адам қаза тапқан, 263 адам жарақат алған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT