Қостанайда автобус жолақысын өсіру мәселесі көтеріліп жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің көлік мәселелері жөніндегі комитетінің отырысы өтті. Шара барысында тасымалдаушылардың жолақы тарифін көтеру мәселесінде көмек көрсету өтінімі қарастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл - халықтың түрлі топтарының мүддесін қарастырып отырғандықтан, өте маңызды тақырып. Біз соның ішінде мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестікте болатын бизнестің қорғалуына жауаптымыз. Жолаушыларды автобуспен тасымалдау саласы мәселелерін талай қарадық. Біз оларды білеміз, бұл - шешілетін проблемалар», - деп атап өтті Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің көлік мәселелері жөніндегі комитеті директоры Данияр Күзенбаев.

Кеңес барысында тасымалдаушылардың мүддесін Қостанай облысы жолаушылар көлігі кәсіпорындар қауымдастығының президенті Алексей Бойченко, ЖК «Брунер А.В» өкілі - Александр Волкун, «Жарық-жол» ЖШС атынан Виктор Мущинский қорғады.

«Қазіргі кезде дизель отыны 30 пайыз қымбаттаған. Жолаушылардың әлеуметтік маңызы бар тасымалын жүзеге асырумен байланысты бюджеттік қаражат есебінен субсидиялау ережелерінде тасымалдаушылардың нақты шығындарының оларға тәуелді емес баға факторларының 10 пайыздан астам өзгеруі жағдайында жолаушылар жолақысының құны түзетілетіні жазылған», - деп атап өтті В.Мущинский.

Осы арада, бүкіл қалалық автопарк кезінде бағасы ең арзан болға дизельдік отынмен жұмыс істеуде. Тасымалдаушылар бүгінде бөлінген субсидиялардың шығындарды өтеуге жетпейтініне назалануда. Олар тек жүргізушілердің биылғы жылы көтерілген жалақысын өтеуге ғана жетіп отыр. Дизельдік отын бағасының көтерілуі бизнесті тек шығынға апаруда.

Осыған байланысты төрт жыл бойы өзгеріссіз қалып отырған жолақы құнын арттыру мәселесін қарастыру қажеттілігі туындады.

Тасымалдаушылар автобус парктері жаңартылмай жүргені, жүргізушілердің жалақысы аз екенін атап өтті.

Бұл – тасымалдаушылар тап болған проблемалардың бір бөлігі ғана. Пандемия кезінде парк өз жұмысын жарты жылға тоқтатып қойған.

Алдағы уқытта тарифтік комиссияның отырысы өткізіліп, қойылған мәселелердің барлығы жан жақты қарастырылады.


Соңғы жаңалықтар