Қостанайда автобус қағып кеткен ер адам қаза тапты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында 37 жастағы ер адамды автобус қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат kstnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға түсте «ІІМ академиясы» аялдамасында болған.

Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Ксения Жылқыбаеваның айтуынша, жедел жәрдемге жол апаты жөнінде қоңырау 12:40-та келіп түскен. Сол жерге жеткен бригада автобустың артқы дөңгелегінің астында қалған ер адам көрген. Басынан ауыр жарақат алған ер адам мерт болған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты мәлімет берді.

«21 қарашада сағат 12:36-да Абай көшесіндегі аялдамада бағдарлық автобус жүргізушісі 37 жастағы қостанайлықты қағып кетті. Жаяу жүргінші сол жерде қаза тапты», делінген хабарламада.

Осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейнгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар