+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Қостанайда автобус аялдамасына соғылған «Ауди» жүргізушісі көз жұмды

2020 жылғы 29 шілде 23:32
Бөлісіңіз:
Қостанайда автобус аялдамасына соғылған «Ауди» жүргізушісі көз жұмды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында «Ауди» маркалы автокөліктің жүргізушісі аялдамаға соғылып, қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада жол апатынан зардап шеккен 6 адам ауруханаға жеткізілді Ақтөбелік дәрігерлер жол апатында аман қалған 1 жасар баланың денсаулығы туралы айтты Нұр-Сұлтанда 73 жастағы әйел автобустың астына түсіп көз жұмды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға бүгін сағат 06:00 шамасында Қостанай-Рудный жолында болған.

«Ауди» автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, автобус аялдамасына соғылып, жолдан шығып кетті. Жол апаты салдарынан жүргізуші көз жұмды. Полицейлер мен басқа да мүдделі органдар оқиға орнына жұмылдырылды» делінген полицияның баспасөз хабарламасында.

Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Кешенді тергеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар оқиғаның куәгерлері іздестірілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT