+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қостанайда аутизмі бар балаларға арналған орталық ашылады

2021 жылғы 14 маусым 09:22
Бөлісіңіз:
Қостанайда аутизмі бар балаларға арналған орталық ашылады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аутизм және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған орталықтың жөндеу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-ға жұмыс істеуге 128 дәрігер шақырылмақ ДДСҰ: COVID-19-дан қайтыс болғандар саны күрт артты Қазақстанда 5 275 626 адам КВИ-ге қарсы вакцинаның 1-ші компонентін салдырды

Ауданы 2 мың шаршы метрден асатын ғимаратқа күрделі жөндеу қажет. «Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін «Қамқорлық» бастамасы аясында аутизм және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған орталық ашылады. Сондай-ақ «Белсенді ұзақ өмір» бастамасы аясында инклюзивті қоғамды дамытуға және зейнеткерлерді қолдаудың жүйелі шаралары мен оларды қоғамға тартуға бағытталған белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылады. Бұл бастамалар – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы», – деді А.Мұхамбетов.

Облыс әкімі «Аэропорт» шағын ауданындағы №19-20-21 жалға берілетін үйлердің құрылыс барысымен танысты. Аталған үйлер пайдалануға берілгеннен кейін халықтың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрғандар 108 пәтер алады деп жоспарлануда.

«Қазіргі уақытта қазаншұңқырды әзірлеу аяқталды, жылумен жабдықтау және кәріз желілері демонтаждалды. Нысандарда жоспарланған жұмыстар жүргізілуде. Нысанды 2022 жылдың шілде айында пайдалануға беру жоспарланған», – деп қорытындылады әкім.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT