Қостанайда әуежайға, ауруханалар мен кітапханаларға «бомба қойылды»

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанай облысында бірнеше ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті. Тексеру барысында олардың барлығы расталмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Бүгін, 9 қаңтарда қала полициясына әуежай, ауруханалар, кітапханалар мен басқа да нысандар ғимараттарына жарылғыш заттар қойылғаны туралы жалған қоңыраулар келіп түсті.

Полицейлер қоңырауларды мұқият тексерді, олардың барлығы жалған болып шықты.
Қазіргі уақытта полиция осы қылмысқа қатысы бар күдіктінің жеке басын анықтап жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы»Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар«бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген полиция мәліметінде.

Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Соңғы жаңалықтар