Қостанайда Audi жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жолда бойжеткенді қағып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында Audi жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жолда бойжеткенді қағып кетті.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 43 жастағы ер адам Audi маркалы көлікті басқара отырып, жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан бойжеткенді қағып кеткен. Оқиға салдарынан жәбірленушінің жіліншігі сынып, соққыға ұшырады, жабық бас-ми жарақатын алды. Қазіргі кезде ол қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр.

Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 1 бөлімі 345-бабымен («Жол қозғалысы ережелерін бұзу») қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін хабарланғандай, бірнеше күн бұрын 13 жасар жасөспірім көз жұмған жол апаты көпшілік арасында шу туғызды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан баланы көлікпен қағып кеткен жүргізуші мас болғаны анықталды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, айыпталушы уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар