Қостанайда «Audi» маркалы 2 көлік жанып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда бір мезетте екі көлік отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Гашек көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жүріп келе жатқан көліктің бірінен түтін білініп, бірнеше секунд өткенде өрт шыққан. Олар бірден өрт сөндірушілерді шақырған. Сондай-ақ, тұрғындар өртеніп жатқан көліктердің бейнежазбаларын әлеуметтік желілерге жариялауда. Бейнежазбадан жанған көліктердің «Ауди» маркалы екенін анық көруге болады.

Оқиға орнында Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері жүр. Өрттен шыққан қара түтін бірнеше метр аумақты қамтып кеткен.  Себептері анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.


Еске сала кетейік, бұл Қостанайда орын алып отырған екінші ірі апаттық жағдай. Кеше қаладағы «WЕSТ» түнгі клубы жанып кеткен еді.


Соңғы жаңалықтар